12
февраль
2026
«Мейірімділік поштасы» акциясы
Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты "№11"Жеңіс" мектеп -гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, «Кәсіби қоғам баршаға тең мүмкіндіктен басталады» атты онкүндіктің жоспарына сәйкес,бүгін
«Мейірімділік поштасы» акциясы ұйымдастырылды. Оқушылар өз қолымен жазған хаттарын арнайы пошта жәшігіне салып, бір-біріне тек жақсы тілектер ғана емес, жасаған мейірімді істері туралы да бөлісті.
Бірі үйіндегі үлкендерге көмектескенін жазса, енді бірі сыныптасына ауыр сөмкесін көтеруге көмектескенін айтыпты. Кейбір оқушылар ауладағы қарт кісіге көмектескенін, іні-қарындасына ертегі оқып бергенін жазған. Белсенді қатысқан сыныптарға алғыс білдіріп, сыйлықтар берілді.
Бұл акция балаларды жақсылық жасауға, оны бөлісуге және өзгеге үлгі болуға үйретеді. Әр мейірімді іс — жүректен шығып, жүрекке жетеді.
Мейірімділік — әркімнің қолынан келеді.
Ұйымдастырушылар: Арнайы педагог: А.Пернеева
Педагог-логопед: З.Дәуірхан