12
февраль
2026
“ЕРТЕ ЖҮКТІЛІК ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖАСӨСПІРІМ ҚЫЗ БАЛАЛАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ЗИЯНЫ” ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ
"№11"Жеңіс" мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 12.11.2025ж. күні “Ақ бантик” қыздар ұйымы “Ерте жүктілік және оның жасөспірім қыз балалардың денсаулығына зияны” тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Бұл тақырып қазіргі қоғам үшін өте өзекті. Сондықтан, әр қатысушы өз ойларымен және тәжірибелерімен бөлісті.
Кездесу барысында ерте жүктіліктің жас қыздарға денсаулық жағынан қаншалықты қауіпті екені талқыланды. Ағза толық дамымағандықтан, әртүрлі асқынулар мен психологиялық қиындықтар пайда болуы мүмкін екені еске салынды. Сонымен қатар, ерте жүктілік жасөспірімнің оқуын жалғастыруына кедергі келтіретінін, әлеуметтік оқшаулану мен депрессия қауіпін арттыратынын да сөз етті.
Дөңгелек үстелге қатысқандар жасөспірімдерге дұрыс ақпарат беру, отбасы мен мектеп тарапынан қолдау көрсету, медициналық және психологиялық көмекті қолжетімді ету қажет екеніне тоқталды. Әр қызбаласының денсаулығы мен болашағы қоғам үшін маңызды, сондықтан бұл мәселеге бейжай қарауға болмайды.
Осындай кездесулер арқылы біз жастарды ақпараттандырудың, қолдаудың және қауіпсіз орта құрудың маңыздылығын түсінеміз. Бүгінгі дөңгелек үстелдің басты мақсаты – жастардың денсаулығы мен болашағын қорғау – бәріміздің ортақ жауапкершілік.