13
февраль
2026
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясындағы игі іс
Бүгін мектептің өзін-өзі басқару ұйымының оқушыларымен бірге "Қамқор" жобасын іске асыру мақсатында кентіміздегі ардагерлер үйіне арнайы барып, тағылымы мол кездесу өткіздік. Шараның негізгі мақсаты – үлкендерді ардақтау, жас буынға мейірім мен адамгершілік құндылықтарын дәріптеу.
Кездесу барысында балалар ардагерлерге арнап жүрекжарды өлең жолдарын оқып, ұлттық рухты дәріптеген күмбірлі күйлер орындап, әсем әндер шырқап, қарттарымызға ерекше жылы көңіл күй сыйлады. Ал ардагерлеріміз өз кезегінде өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, өнегелі әңгімелер айтып, жас ұрпаққа ақ баталарын берді. Жылы жүзді бұл басқосу оқушылардың рухани дамуына ықпал етіп қана қоймай, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетудің маңызын терең сезінуге мүмкіндік берді. Осындай шаралар арқылы қайырымдылық пен қамқорлық дәстүрі жалғасын таба береді. Біз әрдайым үлкендерді құрметтеуді, оларға қамқор болуды – адамдықтың ең асыл өлшемін, ұрпақтың ең басты парызы деп білеміз.