13
февраль
2026
БІЛІМ - БОЛАШАҚҚА САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯ.
Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты N11 “Жеңіс” мектеп- гимназиясында “Тұлға дамуы - адалдық пен кәсібилік бастауы” атты онкүндіктің жоспарына сәйкес педагог-психолог Р.Нуридинова психологиялық тренинг өткізді. Тренингте 11-сынып оқушылары мотивациялық жаттығулар орындады. Тренингтің негізгі мақсаты – оқушылардың білімге деген көзқарасын нығайту, өмірлік мақсаттарын айқындауға көмектесу және өз болашағына жауапкершілікпен қарау дағдыларын арттыру болды.
Шара барысында оқушылар белсенді пікір алмасып, білімнің өмірдегі рөлін талқылады. Өз армандарын, кәсіби жоспарларын ортаға салып, сол мақсатқа жету жолында қажырлы күш пен өлшеусіз еңбек қажет екендігін ұғынды. «Білімге салынған әрбір күш – ертеңгі жетістікке жасалған қадам» деген идея оқушылардың ойынан ерекше орын алды.