12
февраль
2026
БІЛІМ МЕНІҢ БОЛАШАҒЫМ!
Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты “N11 “Жеңіс” мектеп- гимназиясында педагог-психолог, кәсіби бағдар беруші педагог және сынып жетекші бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес 11 сынып оқушыларымен тренинг өткізді.
Тренингті ұйымдастырудағы басты мақсат: Оқушылардың оқу мотивациясын арттыру, жауапкершілік сезімін нығайту және ҰБТ-ге дайындық барысында өзін-өзі дамыту дағдыларын қалыптастыру.
Тренинг барысында білім алушылар жаттығуларға белсенді қатысып, білімнің өмірдегі рөлі мен маңызы туралы түсініктері кеңейді. Білімді меңгеру - қазіргі заманда табысты және тұрақты өмір сүрудің басты шарты деген пікірлерін ортаға салып, ой бөлісті. Жарқын болашаққа бағытталған өз мақсаттарын SMART принципімен жүзеге асырудың нәтижелі болатынын ұғынды.


