12
февраль
2026
ЕРТЕ ЖҮКТІЛІКТІҢ АЛДЫН АЛУ ПРОФИЛАКТИКАСЫ
Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты N 11 "Жеңіс" мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мемесінде 9-10 сыныптағы қыздармен профилактикалық іс-шара өткізілді. Жасөспірім арасында түрлі келеңсіз жағдайларды болдырмау, "Ерте жүктіліктің" алдын алу, жауапкершілік сезімдерін арттыру мақсатында жүргізілген сұхбат барысында ДТЖЖО К.Баймурзина, педагог-психолог Ж.Бижигитова мен мектеп мейірбикесі И.Айтбаева және Асықата ауруханасының Акушер - гинеколог дәрігері Меденова Мөлдір, СӨСҚ, психолог мамандар өз кеңестерін ұсынды. Қыздар өздерінің қысқа және ұзақ мерзімді жоспарлары туралы баяндап, кері байланыс ретінде ойларымен бөлісті.





