12
февраль
2026
“ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ” КОНЦЕПЦИЯСЫ.
Балаларды құқық бұзушылықтан, зорлық-зомбылықтан, буллингтен және киберқауіптен сақтандыру мақсатында Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты N 11 “Жеңіс” мектеп-гимназиясында 10 сынып оқушыларымен жиын өткізілді. Мектеп директоры Г. Койтанова “Балалық шақ – әрбір адам өміріндегі ең әдемі кезең. Бірақ қауіпсіздік ережелерін білмеген баланың өмірінде түрлі қауіпті жағдайлар орын алуы мүмкін. Сондықтан бүгін біздің кездесуіміз «Қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында өтетінін хабарлап, жиынды ашып берді.
АІІБ полиция қызметкерлері М. Тұрлыбеков пен Ж.Ануарбек егер құқықбұзушылық әрекет байқалса полиция мен сенім телефондарына хабарласу жолдары туралы бейнебаяндар ұсынды. “Баланың қауіпсіздігін кімдер қамтамасыз етеді?” деген сұрақ төңірегінде мектептің педагог-психологы Ж.Бижигитова еркін форматта сұхбат жүргізді. ДТЖЖО Ғ.Аманов өзінің түсіндірмесінде
интернеттегі бейтаныс адамдармен хат алмасудың қауіпті екенін, жеке мәліметті жарияламау, буллинг пен кибербуллингтің айырмашылығын атап, назар аудартты. Мектептің өзін-өзі басқару ұйымы бүгінгі жиыннан алған ақпаратты қаншалықты қабылдағаны туралы кері байланыс жасады.