12
февраль
2026
«ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ МЕКТЕП БІЛІМІ: БАСТЫ ТРЕНДТЕР МЕН ТАЛАПТАР» XIV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ NIS КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Астана қаласында 2025 жылдың 30-31 қазан күндері «Цифрлық дәуірдегі мектеп білімі: басты трендтер мен талаптар» атты халықаралық конференция өтті.
NIS халықаралық конференциясына әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған шетелдік және қазақстандық спикерлердің қатысуымен кәсіби пікір алмасуы, білім беру саласындағы заманауи үрдістер мен өзекті мәселелер талқыланып, өзара тәжірибе бөлісуіне арналған маңызды алаңға айналғаны анық. Себебі, жасанды интеллектінің қарқынды дамуы білім беру үдерісіне жаңа түсінік, жаңа көзқарас әкеліп отыр.
Бұл сүбелі жиынға «№11 «Жеңіс» мектеп-гимназиясынан мектеп директоры Койтанова Гулия Абдикадыровна және математика пәнінің мұғалімі Ильясов Марат Бахтыбекович қатысты. Биылғы тақырыптың уақыт талабымен үндес, ерекше өзектілігімен қызықтырғанын атаған мектеп басшысы ұжымға тың жаңалықтар әкеліп бөлісті. Сонымен қатар, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектінің білім мазмұнына, бағалау жүйесіне, оқыту мен сабақ беру әдістеріне, этика, қауіпсіздік және әл-ауқат мәселелеріне қалай әсер ететіндігі талқыланды.