Түркістан облысының білм басқармасының
Жетісай ауданының білім бөлімінің
"11 "жеңіс" Мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (725)42-42-9-63
Оқу бөлімі:
+7(702) 654-38-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ОРЫС ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІ АУДАНДЫҚ СЕМИНАРДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
13
май
2025

ОРЫС ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІ АУДАНДЫҚ СЕМИНАРДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Жуырда Жетісай ауданының орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері үшін маңызды шара өтті. "№11" Жеңіс"мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде “Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарындағы сандық технологиялар” тақырыбында аудандық семинар өтті. Аудандық семинар барысында әріптестеріміз педагогтің цифрлық әлеуетін көрсететін әдіс-тәсілдермен танысып, педагогикалық тәжірибе алмасты. Семинардың мақсаты — мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру, білім беру саласындағы инновациялық әдістерді насихаттау және оқушылардың орыс тілі мен әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру болып саналды.
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары, спикерлер мен филология саласының сарапшылары қатысқан бұл жиында оқытудың жаңа әдістері талқыланып, білім алушылардың жеке қажеттіліктері мен түрлі оқыту форматтары ескерілді. Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында қолданылатын тиімді цифрлық құралдар мен әдістемелік тәсілдер көрсетіліп, интерактивті практикумдар қамтылып, оқытуды дамытудың негізгі қиындықтары мен перспективалары талқыланды.
Іс-шара барысында өз тәжірибесімен бөліскен ұстаздар мен спикерлер Жетісай ауданының білім бөлімі тарапынан Алғыс хаттармен марапатталды.
Бұл семинар — мұғалімдер үшін ғана емес, жалпы білім саласы үшін үлкен маңызға ие. Өзара тәжірибе алмасу арқылы мұғалімдер білім беру сапасын арттырып, оқушылардың білім деңгейін жаңа биіктерге көтеруге мүмкіндік алады.
Барша әріптестерімізге шығармашылық табыс тілейміз, алдағы уақытта да осындай семинарлар мен шаралар жиі өткізіліп тұрса, бұл білім саласының дамуына үлкен үлес қосары сөзсіз!
ОРЫС ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІ АУДАНДЫҚ  СЕМИНАРДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив