13
май
2025
МЕКТЕП БАСШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН VІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
Педагогикалық шеберлік орталығының Алматы қаласындағы филиалы мен «Ұлағат» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Цифрлық дәуірде мұғалімдердің кәсіби құзыреттерін тұрақты және жүйелі түрде дамыту мәселелері» тақырыбындағы VІ Республикалық конференциясы өтілді. 2024 ж. қарашаның 02 күні өтілген бұл шараны «Ұлағат» оқу-әдістемелік орталығының директоры, Педагогикалық шеберлік орталығының тренері, SDU қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Әлімов Асхат Қамзаұлы жүргізді. Бірнеше секциялық отырыстар тыңдалымын жоспарлаған ұйымдастырушылар әр кезеңді жоспарлы түрде өткізді.
Мектеп басшылары секциясының жұмысын ұйымдастырған модератор Момунтаева Лаззат Бахытбековна Алматы қаласы №202 мектеп-гимназия директорының орынбасары болды. Бұл отырыста мектеп директоры Койтанова Гулия Абдикадыыровна "Мұғалімдердің кәсіби дамуы жолында шығармашылық жобаларды іске асыру» тақырыбындағы іс-тәжірибесімен бөлісті. Қызығушылық танытқан сұрақтарға жауап бере отырып, еліміздің түкпір-түкпірінен онлайн форматта бас қосып отырған тәжірибелі әріптестермен әдіс алмасу өте жоғары деңгейде өтілді.