13
май
2025
КОМАНДАЛЫҚ ЖОБА ТАБЫСҚА ЖЕТЕЛЕЙДІ
КОМАНДАЛЫҚ ЖОБА ТАБЫСҚА ЖЕТЕЛЕЙДІ
«Назарбаев Зияткерлік мектептер» ДББ Педагогикалық шеберлік орталығының Шымкент қаласындағы филиал базасында «Мектеп командасы: тиімді басқару және білім сапасы» тақырыбындағы мектеп директоры, оқу орынбасары және көшбасшы мұғаліммен бірлескен курс форматы өтті. Бұл курсты орталық тренері Матаева Сауле Романовна оқытты. Бұл курстың мақсаты мектептің командалық рухын қалыптастыру болып саналады. Мектепте білім сапасын дамытуда кездесіп жатқан олқылықтарды анықтай отырып, командалық жобаларды дәл сол бағытқа арнау арқылы шешімін табу – команданың басты міндеті болып белгіленген.
«№11 «Жеңіс» мектеп-гимназиясының командалық құрамы мектепте іс-тәжірибесін бастау үшін математика пәнінің мұғалімдерімен сұхбат жүргізді. Мектепте математика пәні бірлестігі сапалық және жас мөлшері құрамы бойынша «ең жас» бірлестік болғаны команданы қызықтырды. Жоба алдындағы сауалнама нәтижесінде жас мамандарға кәсіби қолдау мен көмек қажеттігі анықталып, сабақта оқушыларға кері байланыс беру әдістерін жетілдіру жолдары қарастырылып, «Тиімді кері байланыс - табысты нәтиже кепілі» тақырыбындағы жоба жоспары дайындалды.
Жобаны іске асыруда команда құрамы колобративті ортада барлық мақсаттарға жете отырып, нәтижелі жұмыстың қорытындысын көреді деп сенемін.