Түркістан облысының білм басқармасының
Жетісай ауданының білім бөлімінің
"11 "жеңіс" Мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (725)42-42-9-63
Оқу бөлімі:
+7(702) 654-38-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
август
2022

«ЖАС ҰСТАЗ» табысқа апарар жол»

Нұр-Сұлтан қаласында алғаш «ЖАС ҰСТАЗ» табысқа апарар жол» атты жас мұғалімдер форум ұйымдастырылды.
Педагогикалық шеберлік орталығының жас мұғалімдерге қуатты педагогикалық қолдау жұмыстарының бірі болып табылады. Оқытуда болып жатқан қиындықтардың алдын алу маңызды үдеріс. Қазіргі заман талабына сай білім деңгейін қамтамасыз ету.
«ЖАС ҰСТАЗ: табысқа апарар жол» респуликалық форумының ұйымдастырушылары: Нұр-Сұлтан қаласы «Назарбаев зияткерлік мектебінің» ДББҰ Басқарма төрайымы Шамшидинова Куляш Ногатаевнаға, Шымкен қаласы «Педагогикалық шеберлік орталығы» және барша ат салысқан ұстаздар мен спикерлерге алғыс білдіреміз.Жас ұстаздардың мәртебесін көтеруге бағытталған шараға еліміздің түпкір-түпкірінен 100-ден аса жас маман келіп қатысты. Зияткерлік мектеп мұғалімдері өз әріптестерімен оқытудың ең тиімді әдістерімен бөлісті атап айтқанда, спикерлер Акижанов Ержан Нұржанұлы, Анарбеков Әділ Дәуренұлы, Сағындықов Темірбек Нұрғазыұлы, Серікбай Әсет Бақытжанұлы Форум барысында — жас ұстаздардың болашағын айқындай түстіңіздер, бүгін еккен дәннің ертеңгі жеңісті-жемісті күннің кепілі екенін ұғындыра білдіңіздер. Форум ұйымдастырушылары мен спикерлерге, келген мотивация берген қонақтарға қоршаған орта мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отырып, сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстарыңыз бен мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толағай табыс тілеймін. Қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін ұстаздық еңбек жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын.
- Бұл форумның басты қонағы ҚР оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мырза жаңа оқу жылына деген жаңалықтармен бөлісіп, жас ұстазға жаңа идея, жаңа серпін, жаңа көзқарас алуға түрткі бола алды.
- Форумнан жас ұстаздардың жобалары, зерттеу жұмыстары, қызықты шеберлік сабақтар, лайфхактармен танысып, сондай-ақ кәсіби тренерлермен тікелей эфирлер болды. Тікелей эфирде педагогикалық мамандық студенттері мен жас мұғалімдерге сұрақтар қоюға мүмкіндік болды.
- Форумға әр облыстан, қаладан келген бір-бірін бірінші рет көріп отырған жас ұстаздардың белсенділігі мені қатты қуантты. Өзімнің де етене араласып кеткеніме өте қуаныштымын. Тәуелсіз қазақ елінің дамуына қосып келе жатқан еңбектеріңіз үшін, мен баршаңызға шексіз алғыс білдіремін!
Түркістан облысы, Жетіай ауданы
№11 «Жеңіс» мектеп-гимназия» КММ
Исахан Ербол Бақтиярұлы
«ЖАС ҰСТАЗ» табысқа апарар жол»



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив