19
ноябрь
2021
ҚАЗІРГІ УАҚЫТ —БІЛІМДІЛЕР БӘЙГЕСІ
Бар біліктілігін жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруге жұмсаған ұстаздарымызды мақтан етеміз. Ұстаз-ұлағатты ұлы есім. Ұлт болашағы ұрпақ тәрбиесімен айналысып жүрген ұстаздар байқауда бақ сынасты. Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі Түркістан облысының дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай Жетісай қаласы мен Асықата кентінде орналасқан мектеп мұғалімдерінің арасында "Мұғалімдер бәйгесі" интеллектуалды ойынын ұйымдастырды. Осы бәйгеге N11"Жеңіс" мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мұғалімдері "Жеңіс қырандары" Г. Бозаева, А. Құмарбекова, Ә. Садықбекова, Ш. Момбекова, Б. Асанбековтер қатысып, аудан көлемінде жүлделі ІІ орынды иеленіп, тарих пәнінің мұғалімі Асанбеков Бекжан облыста аудан атынан сайысқа түсетін команданың құрамына жолдама алды.


