Түркістан облысының білм басқармасының
Жетісай ауданының білім бөлімінің
"11 "жеңіс" Мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (725)42-42-9-63
Оқу бөлімі:
+7(702) 654-38-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
октябрь
2021

ӨНЕРЛІ ҰСТАЗ - ӨНЕГЕЛІ ТҰЛҒА

Халқымыздың ұлы батыры Б. Момышұлы "Ұстаздық -ұлы құрмет, себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымның да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ беретін аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз" деген.
Бүгін, N11"Жеңіс мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мұғалімдер арасында мектепішілік" Өнерлі ұстаз-2021"байқауы өтті.
Байқау мақсаты - мұғалімдердің кәсіби, әлеуметтік беделін жоғарылату, шығармашыл педогогтарды анықтау және мәртебесін көтеру болды.
Үміткерлер төмендегі кезеңдер бойынша сайысқа түсті:
1. Таныстыру.
2. "Менің мамандықтағы жетістіктерім" тақырыбында өз пәні бойынша сабақтарын қорғау.
3. Өз өнері.
Сайысқа мектептегі он бір пәндік бірлестіктен барлығы 11 мұғалім қатысты. Жүйелі дайындық пен кәсіби шеберліктері жоғары деңгейдегі сайыскерлер бүгін сахнаға үлкен жауапкершілікпен келгені байқалды.
Нәтижесінде "Бас жүлдені" өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі З. Дәуірхан, жүлделі І орынды бастауыш сынып мұғалімі К. Хисамутдинова, жүлделі ІІ орынды география пәнінің мұғалімі С. Даржанова, жүлделі ІІІ орынды математика пәнінің мұғалімі А.Жұмағулов иеленіп, өзге сайыскерлер түрлі номинацияларға ие болды.
Байқауда белсенділік танытқан мұғалімдерге мектеп директоры Убайдина Гүлжан Тұрарбекқызы және әділқазы алқа құрамы жұмыстарына шығармашылық табыс, отбасыларына амандық тілеп, сайысты жоғары деңгейде өткізген ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.
ӨНЕРЛІ  ҰСТАЗ - ӨНЕГЕЛІ ТҰЛҒА

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив