Түркістан облысының білм басқармасының
Жетісай ауданының білім бөлімінің
"11 "жеңіс" Мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (725)42-42-9-63
Оқу бөлімі:
+7(702) 654-38-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «ЯСАУИТАНУ – 2021» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНДА МЕКТЕП МАҚТАНЫШЫ - БЕРДІБАЙ ЕРБОЛАТ БАС ЖҮЛДЕНІ ЖЕҢІП АЛДЫ
19
октябрь
2021

«ЯСАУИТАНУ – 2021» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНДА МЕКТЕП МАҚТАНЫШЫ - БЕРДІБАЙ ЕРБОЛАТ БАС ЖҮЛДЕНІ ЖЕҢІП АЛДЫ

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасындағы дәстүрлі «Ясауитану – 2021» республикалық байқауы өтті.
Жиырма төртінші рет шымылдығын түрген сайысқа еліміздің облыс, қалаларынан үздік деп танылған 30 үміткер қатысты.
Байқаудың мақсаты түркі халықтарының рухани тұтастығын қалыптастырған Қожа Ахмет Ясауидің хикметтерін насихаттап, өскелең ұрпақты ұлы баба мұрасын терең меңгеруге, зерттеуге ынталандыру, интеллектуалдық пайым-парасатын дамыту, кесенеде жерленген тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметін өскелең ұрпаққа дәріптеу болып табылады.
Екі кезеңнен тұратын байқау барысында бас жүлдеге Түркістан облысы, Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты N11 "Жеңіс" мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Ерболат Бердібай БАС ЖҮЛДЕ ИЕГЕРІ деп танылып, 150 000 теңге арнайы жүлде және диплом табысталды.
«Ясауитану» байқауының тарихы 1997 жылдан бастау алады. Ең алғаш рет қалалық деңгейде ұйымдастырылған байқау кейіннен облыстық, республикалық, халықаралық дәрежеге қанат жайған.
Байрақты білім байқауында бақ сынаған кіл мықтының арасында ауданның, облыстың мерейін үстем еткен Ерболат Бердібайды жеңісімен құттықтап, сәттілік тілейміз!

«ЯСАУИТАНУ – 2021» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНДА МЕКТЕП МАҚТАНЫШЫ - БЕРДІБАЙ ЕРБОЛАТ БАС ЖҮЛДЕНІ ЖЕҢІП АЛДЫ

Похожие публикации:

30 сентябрь 2021 "Ясауитану - 2021"
22 апрель 2021 Байқау жеңімпазы
25 февраль 2021 Іс шара
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив