02
апрель
2021
ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ТАЛ БЕСІГІ - ТҮРКІСТАН
ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ТАЛ БЕСІГІ - ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ РУХАНИ АСТАНАСЫ БОЛДЫ
2021 жылдың 31 наурызы күні түркі әлемінде сүбелі жиын өтті. «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» тақырыбында Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммиті бейнеконференция арқылы өтті.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен кездесуге Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы, Түркі кеңесінің Құрметті Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев, Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Түркия Республикасының Президенті Реджеп Тайип Ердоған, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев, Түрікменістан Президенті Гурбангулы Бердымухаммедов және Мажарстанның Премьер-Министрі Виктор Орбан, сондай-ақ, Түркі кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреев қатысты.
Түркі мемлекеттерінің басшылары бүкіл түркі елін көктемгі күн мен түннің теңелуіне сәйкес келетін, табиғаттың жаңаруы мен жаңа өмірдің басталуын білдіретін Наурыз мейрамымен құттықтады.
Әзербайжан Республикасын, Қазақстан Республикасын, Қырғыз Республикасын, Өзбекстан Республикасын және Түрікменстанды алдағы тәуелсіздіктің 30 жылдығының қайта қалпына келтірілуімен құттықтап және 1991 жылы түркітілдес мемлекеттердің тәуелсіздігін алғашқы болып мойындағаны үшін Түркия Республикасына алғыс білдірді.
Әскери оккупациядан Әзербайжан Республикасы аумағының азат етілуін жоғары бағалап және Армения-Әзербайжан жанжалының аяқталуына ықпал жасаған түркі елдері үлкен ауызбіршілік танытқандығы туралы да қошеметтеп айтылды.
Күллі Түркі әлемі халықтарының бірігуіндегі Түркістан қаласының рухани маңыздылығын мойындалған саммитте
Қожа Ахмет Яссауи ислам құндылықтарын насихаттайтын түркі мектебінің негізін қалаған және бүкіл түркі әлемінде философияның дамуына зор ықпал еткен көрнекті және рухтандырушы тұлға ретінде қалдырған мұрасы жоғары бағаланды
Түркітілдес. мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің аясында Түркістан қаласы Түркі әлемінің рухани астанасы деп жарияланды. Болашақта ротациялық негізде Түркі әлемінің өзге де әйгілі көне шаһарларына осы іспеттес мәртебе беруге мүмкін болатыны туралы келісім де жасалды.
Түркі елдерінің көптеген экономикалық, саяси, мәдени, тарихи мәселелерін шешіп, алдағы жиындарға жоспарлы түрде дайындалған саммит ұйымдастырушыларына Түркі елдерінің мемлекет басшылары терең алғыс білдірді.
Түркістан — екі дүние есігі ғой,
Түркістан— ер түріктің бесігі ғой .
Тамаша Түркістандай жерде туған
Түріктің Тәңірі берген несібесі ғой, деп жырлаған Алаш ардақтысы Мағжан Жұмабаев киелі қаланың келешегін болжағандай.
Бүкіл қазақстандықтарды осындай мерейді үстем ететін, рух пен жігерді күшейтетін жаңалықпен құттықтаймын!
Мектеп директоры Убайдина Гулжан Турарбековна