19
март
2021
Х наурыз
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ "ПЛАНЕТА ЖӘНЕ ПЛАСТИК: АДАМЗАТ ЭКОМӘДЕНИЕТІ" АТТЫ Х НАУРЫЗ КЕЗДЕСУЛЕРІНЕ ОҚУШЫМЫЗ ҚАТЫСТЫ
Назарбаев Зияткерлік мектептері мен Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері ағымдағы жылдың 15-19 наурыз аралығында "ПЛАНЕТА ЖӘНЕ ПЛАСТИК: АДАМЗАТ ЭКОМӘДЕНИЕТІ" атты Х Наурыз кездесулерін өткізді. Бұл шара Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өтілді.
Аталмыш кездесудің мақсаты: мектеп оқушыларының ғылымды, экологияны және инженерияны оқуға деген ынтасын арттыру болып табылады.
Бұл халықаралық деңгейде ұйымдастырылған кездесуге Түркістан облысы Жетісай ауданынан №11 "Жеңіс" мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Бердібай Анжели қатысты. 6 күнге жоспарланған кездесудің екі күні оффлайн форматта, ал төрт күні онлайн режимде өтілді. Анжели "Пластиктің екінші өмірі" эко-челленджіне қатысып, одан кейін Назарбаев Зияткерлік мектебінде "Мехатроника және роботтарды құрастыру" эко-робот жинау вебинарының қоқыс жинауға арналған роботты құрастыру бойынша командалық жобалау жұмысына қатысып, өз белсенділігін танытып қайтты. Бұл командалық жұмыста оқушылар бір-біріне көмектесіп, білімін шыңдалды.
Халықаралық Х Наурыз кездесулерінен жаңаша серпін, тәжірибе жинап келген Анжели аудандағы робототехника кабинеті бар мектептердегі оқушылармен үйренгендерін бөлісуге вебинарлар өткізетін болады.