18
апрель
2022
ҚР БжҒМ: ББЖМ-2022
ҚР БжҒМ: ББЖМ-2022
✏️ Бүгін еліміздің 1447 мектебінде, бұл барлық мектептердің 25%-ы, оқушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу басталады (ББЖМ), оған 4 және 9-сынып оқушыларының арасынан 112 мыңнан астамы қатысады. Ол сәуірдің 29-на дейін жалғасады. Қатысатын мектептер кездейсоқ таңдау әдістемесімен анықталды.
✏️ Бұл білім сапасын ішкі қазақстандық зерттеу. Мониторинг жүргізу заңға былтырғы жылы енгізіліп, биыл мектептерде алғаш рет өткізіледі.
✏️ Мониторинг мектеп базасында өтеді, оқушылардың математикалық, жаратылыстану және оқу сауаттылығы бағаланады. Оған оқушыларды арнайы дайындаудың қажеті жоқ.
✏️ Мониторинг сұрақтары оқу бағдарламалары бойынша әзірленген және оқушылардың функционалдық сауаттылығын анықтауға бағытталған.
✏️ ББЖМ – білім сапасын сырттай тәуелсіз бағалайды, ол оқушылардың мықты және әлсіз жақтарын анықтай отырып, білім сапасын арттыру мақсатында оқушылардың біліміндегі олқылықтарды жоюды көздейді.
✏️ Мониторинг қорытындысы бойынша мектептер үшін жеке тақырыптар мен балаларға қиындық туғызған материалдар талқыланатын болады.
✏️ Нәтижесінде сапалы білімге қол жеткізу үшін білім сапасын арттыру жолында әр өңірге және жекелеген мектептерге арналған кешенді талдау жүргізіліп, әдістемелік ұсынымдар әзірленеді.
Баршаңызға сәттілік тілеймін!