Түркістан облысының білм басқармасының
Жетісай ауданының білім бөлімінің
"11 "жеңіс" Мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (725)42-42-9-63
Оқу бөлімі:
+7(702) 654-38-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ
23
декабрь
2021

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

Егемен ел болғалы еңсемізді тіктеп, экономика мен өндіріс салаларына жаңашылдықтар енгізілді. Елдің ел болып біртұтастығын қалыптастыратын, өзге елге елдігін танытатын мәдениетімен қоса білім, ғылым саласы. Осыған байланысты бүгін 21.12.2021 ж.күні Жетісай ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің қолдауымен N11 "Жеңіс" мектеп -гимназиясы базасында "Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл: мектеп мұғалімдерінің заманауи білім әлеуеті мен жетістіктері" тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы ұйымдастырылды. Бұл конференцияның мақсаты - Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде еліміздің ұлттық білім және ғылым саласындағы дамуы мен жетістіктерінің өзекті мәселелерін талқылау болды. Конференцияның пленарлық мәжілісіне арнайы қонақтар шақырылды. Олар - "Сырдария" университетінің Ғалым хатшысы, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Л.Абенова, философия ғылымдарының доценті, "Сырдария" университетінің халықаралық байланыстар және ғылым проректоры П.Абдуразова, Жетісай ауданы мәслихатының депутаты N7 "Тұран" мектеп-гимназиясының директоры Х.Қожбанова, Жетісай ААӘДБӘК меңгерушісі, тарих ғылымдарының магистрі Р.Исаева, "Сырдария" университетінің "Білім беру технологиялары" кафедрасының аға оқытушысы Н.Файзиев, N10"Қайнар" МГ директоры, филология ғылымдарының магистрі Г.Қойтанова, N12 ЖОМ директоры, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері Г.Каримовалар өздерінің құнды баяндамаларын оқып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Конференцияның секциялық жұмыстары қашықтықтан ZOOMжүйесінде өтілді.
Жаңа әлемге қадам басқан Қазақстанның білім берудегі жаңашылдық стратегиясы жастарды ғылымға баулитындығы туралы айтылды. Жиын соңында өзім төрағалық жасаған конференция резолюциясының қарарларын таныстырдым. Барлық ұсыныстар ескеріліп, секциялық жұмыстар қорытындысы негізінде жинақ шығарылып, барлық баяндамашылардың жұмысы таратылатын болды.
Осындай ғылыми маңызы бар басқосуларды дәстүрге айналдыруды көздеген бұл жиын өзінің мақсатына жетті.
N11 "Жеңіс" МГ баспасөз қызметі
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ









Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив