Түркістан облысының білм басқармасының
Жетісай ауданының білім бөлімінің
"11 "жеңіс" Мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (725)42-42-9-63
Оқу бөлімі:
+7(702) 654-38-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
декабрь
2021

Ғылыми конференция

Егемен ел болғалы еңсемізді тіктеп, экономика мен өндіріс салаларына жаңашылдықтар енгізілді. Осы орайды барлық саланың басы болған білім саласында да өзгерістер айтарлықтай жоғары деңгейде өткізілді. Елдің ел болып біртұтастығын қалыптастыратын, өзге елге елдігін танытатын мәдениетімен қоса білім, ғылым саласы. Осыған байланысты бүгін 21.12.2021 жылы Жетісай ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі және N11 "Жеңіс" мектеп -гимназияасының" ұйымдастыруымен "Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл: мектеп мұғалімдерінің заманауи білім әлеуеті мен жетістіктері" тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Кіріспе сөзді Жетісай ауданы мәслихатының депутаты, мектеп директоры Убайдина Г.Т. алды. Сөз барысында серіктес білім орындары мен мектептерге алғысын білдіріп, болашақта қарым-қатынасты бұдан да жоғары деңгейде нығайту туралы айтты.Конференция қонақтары және пленарлық мәжіліс мүшелері Жетісай ауданының мәслихатының депутаты, филология ғылымының магистрі, мектеп директоры Убайдина Г.Т., "Сырдария" университетінің Ғалым хатшысы, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Абенова Л.У., Жетісай ауданы мәслихатының депутаты, Тұран мектеп-гимназиясының директоры, педагогика ғылымдарының магистрі Қожбанова Х.Н., Жетісай ААӘДБӘК меңгерушісі, тарих ғылымдарының магистрі Исаева Р.О., Сырдария университетінің "Білім беру технологиялары" кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Файзиев Н.С., Байтұрсынов атындағы N5 ЖОМ директоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Сауырбаева Г.К., "Қайнар" МГ директоры Қойтанова Г.А., N12 ЖОМ директоры, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері Каримова Г.Ж., N13 Н.Төреқұлов атындағы ЖОМ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бейсенова М.М. білімді цифрландыру мақсатымен әртүрлі тақырыптарда баяндама оқыды. Жаңа әлемге қадам басқан Қазақстанның білім берудегі жаңашылдық стратегиясы жастарды ғылымға баулитындығы туралы айтылды. Сөз соңында Жетісай ауданы мәслихатының депутаты, мектеп директоры Убайдина Г.Т. келген қонақтарға алғыс білдіріп, білім саласындағы реформаларды бірізділікпен жүзеге асыру туралы оз пікірін білдіре келе, барлық әріптестерге жақсы тілектерін білдірді.

Ғылыми конференция










Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив