Түркістан облысының білм басқармасының
Жетісай ауданының білім бөлімінің
"11 "жеңіс" Мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (725)42-42-9-63
Оқу бөлімі:
+7(702) 654-38-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » АБАЙДЫ ТАНУ - ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІН ТАНУ
01
ноябрь
2021

АБАЙДЫ ТАНУ - ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІН ТАНУ

Абайды тану - қазақты тану, оның көркем тілін, мыңдаған жылдар бойы жалғасқан зор мәдениетін тану. Абай мұрасы мәңгілік. Барша қазақ баласы Абайды тануға, білуге, Абаймен мақтануға тиіс. Ұлы ақын өз халқын өркендеген, өскен, еркін халық ретінде көруді арман етті.
Бүгін, №11"Жеңіс" мектеп гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Жалпы білім беру ұйымдарында Абай мұраларын барлық пәндер бойынша кіріктіріп оқыту әдістемесі" тақырыбында филология ғылымдарының кандидаты, профессор атағын қоса атқарушы Л.Әбенованың ұйымдастыруымен семинар өтті. Іс-шараның мақсаты ұлы ойшылдың әлемдік өркениеттегі рөлін көрсету. А.Құнанбайұлының шығармалары арқылы жас ұрпақтың елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезімдерін ұштау еді. Семинар барысында филология ғылымдарының кандидаты Л.Әбенова Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы таныстырылым дайындап, өте құнды, сирек кездесетін тың мәліметтермен бөлісті. Семинарға қатысқан ұстаздар және мектеп директоры Г. Убайдина Әбенова Ләззат ханымға Абай әлемі туралы көптеген мағлұматтар алғандықтарын айтып, алғыстарын білдіріп, шығармашылық табыстар тіледі. Семинар қорытындысы бойынша мектеп базасында "Сырдария" университетімен бірлесіп "Абайтану" кабинеті мен орталығын ашуға ұсыныс жасалып, бекітілді. Осындай ауқымды жобаларды іске асыруға қашан да дайын тұратын мектеп ұжымы бұл жаңа бастаманы қолдауда аянбайтындықтарын жеткізді.

АБАЙДЫ ТАНУ - ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІН ТАНУ

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив