06
февраль
2026
ТІЛ МЕН КӘСІБИ ҮЙЛЕСКЕН ҰРПАҚ -ЕЛ ТІРЕГІ
5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күні. Ынтымақ пен бірлікті ту еткен жүзден аса ұлттар мен ұлыстар өмір сүретін егемен еліміз үшін маңызды мереке. #11 “Жеңіс” мектеп-гимназия” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі пән бірлестіктерінің ұйымдастыруымен “Тіл мен кәсіби үйлескен ұрпақ - ел тірегі” атты онкүндіктің ашылуы болып өтті. Іс-шарада білім алушылар үш тілде мәнерлеп өлеңдер оқыды. Онкүндікте болатын іс-шараларға білім алушылар мен мұғалімдерді белсенді болуға шақырды.

