13
февраль
2026
ҰЛТТЫҚ РӘМІЗДЕР – ЕЛ МАҚТАНЫШЫ
«Ұлттық рәміздер – ел мақтанышы» тақырыбында тағылымы мол сынып сағатын өткізді. Сынып сағаты барысында Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранның мәні мен маңызы кеңінен түсіндіріліп, олардың әрқайсысы тәуелсіздігіміздің, бірлігіміз бен рухымыздың айқын белгісі екені айтылды.
Оқушылар ұлттық рәміздерді құрметтеу – әрбір азаматтың қасиетті парызы екенін ұғына отырып, өз ойларын ортаға салды, белсенділік танытты. Мұндай тәрбиелік шаралар жас ұрпақтың отансүйгіштік сезімін арттырып, елге деген мақтаныш пен жауапкершілікті қалыптастырады.
✨ Еліміз аман, рәміздеріміз мәңгі жасасын! ✨