13
май
2025
ҚОС ҰСТАЗ "Ы.АЛТЫНСАРИН" ТӨСБЕЛГІСІН ИЕЛЕНДІ
Мұғалімдер күні қарсаңында қазақ даласында ағарту жұмыстарын жүргізіп, елді оқу-білімге үндеген ағартушы «Ы.Алтынсарин» төсбелгісіне «№11 «Жеңіс» мектеп-гимназиясының қос ұстазы ие болды.
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Журхабаева Сәуле Әділбекқызы және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кумарбекова Айгүл Әбсаматқызы «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталып, мектеп ұжымын қуанышқа бөледі.
Үнемі шығармашылық ізденісте жүретін бұл ұстаздардың еңбегінің еленгені педагог қауымға үлкен бір серпіліс пен қолдау болды.
Адамның байлығы жиған дүниесімен емес, өзі өмір сүрген кезеңде өз айналасына кішкентай да болса жасаған жақсылығымен өлшенетіні белгілі. Мейірімділік пен ізгілікті, сыйластық пен сабырлықты үлгі еткен Сәуле Әділбекқызы мен Айгүл Әбсаматқызы ұжым арасында кішіге үлгі, үлкенге сыйлы ұстаздар.
Қос мұғалімнің мерейлі марапаты алдағы еңбек жолында тың идеялар мен жаңаша бастамалар берері сөзсіз. Жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі табыстары еселене беруіне тілектеспіз!