12
февраль
2026
ТӘРБИЕ САЛАСЫНДАҒЫ СЕРПІН: ТӘРБИЕ ІСІ ОРЫНБАСАРЫ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢГЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ!
Бүгін №11 «Жеңіс» мектеп-гимназиясы үшін үлкен қуаныш пен мәртебе күні. 26 қараша күні директодың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары арасында өткен «Педагогикалық идеялар фестивалі» байқауының аудандық кезеңінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Аманов Ғалымжан Бақжанұлы жүлделі І орынды 🥇жеңіп алып, келесі облыстық кезеңге жолдама алды. 🎊
🏆Бұл жетістік – Ғалымжан Бақжанұлының жылдар бойы балаларға тәрбие беру жолындағы үздіксіз ізденісінің нәтижесі. Жақында ғана мектептің тәрбие саласына өз үлесі мен кәсіби шеберлігін іс жүзінде көрсетуге тағайындалған бұл орынбасар басқарудағы жаңашыл көзқарасын айқын көрсетіп отыр. Байқау барысында әріптесіміз өз әдістемелік тәжірибесін жаңашыл идеялар ағынымен таныстырып, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.
📚Мектептің педагогикалық ұжымы Ғалымжан Бақжанұлын шын жүректен құттықтай отырып, ертеңгі өтетін обылстық додада шығармашылық шабыт, жаңа кәсіби белестер, табысты бастамалар мен толағай жетістіктер тілейді.
💐Еңбегіңіз жана берсін!
Жаңашыл идеяларыңыз бен мазмұнды жұмыстарыңыз білім саласының дамуына үлес қоса берсін!🎊
Дайындаған ДОЖЖО М.Мырзагелдиева