24
ноябрь
2021
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ - 30 ЖЫЛ!
№11 «Жеңіс» мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 15-20 қараша аралығында «Білім басы бастауышта қаланар, білімменен әлемге жол салынар» тақырыбымен бастауыш сынып бірлестігінің пән апталығы болып өтті. Оқушылардың тілін дамытумен қатар, сөйлеу мәдениетін, ой-өрісін, таным белсенділігін, дүниетанымын кеңейту, шығармашылық белсенділігін арттыруды мақсат еткен апталықта бастауыш сынып оқушылары мен мұғалімдері ерекше көңіл-күймен көзге түсті. 4-ші қазақ сыныптары Ы.Алтынсаринның 180 жылдығына орай Дильдабаева Гулия, Журкабаева Халима, Пакизеева Асия апайлар ашық тәрбие сағатты жоғары деңгейде өтіп,көрермендердің ризашылығына бөленді.
Әсіресе бірінші сыныптар арасында өтілген «Ертегілер еліне саяхат» атты шарада бүлдіршіндеріміз балдай тәтті тілімен өнерін көрсетіп көрермендердің жүрегін жаулап алды. Апталық кезінде өткізілген барлық ашық сабақтар мен іс-шаралар жоғарғы деңгейде өтіліп, мектеп әкімшілігі атынан алғыс білдірілді. Сонымен, тағылым мен мазмұнға бай болған Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 4-ші орыс сыныптары Юсупбаева Айжан, Самбетова Айгул апайлардың еңбегі бағаланланып апталық жұмысы өз мәресіне жетіп, қорытындыланды.