08
апрель
2026
«Білім келешегі: Жаратылыстану мен математика – адал адамзаттың, кәсіби маманның іргетасы»


«Білім келешегі: Жаратылыстану мен математика – адал адамзаттың, кәсіби маманның іргетасы»"№11 «Жеңіс» мектеп-гимназиясында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндердің (химия, биология, информатика, физика, география) онкүндігі өз бастауын алды!Бұл онкүндік – ғылымға қызығушылықты арттырып, білімге құштар жас ұрпақты тәрбиелеудің жарқын көрінісі. Әрбір пән – болашақ маманның негізін қалайтын, логикалық ойлау қабілетін дамытатын маңызды сала.Онкүндік аясында 6 «Ә» сыныбымен «Цифрлық әлем» тақырыбында интеллектуалды сайыс сабақ өткізілді. Сабақ барысында оқушылар заманауи цифрлық технологиялар, ақпараттық қауіпсіздік, компьютерлік сауаттылық және логикалық тапсырмалар бойынша өз білімдерін сынады. Топтық жұмыс арқылы оқушылардың белсенділігі артып, пәнге деген қызығушылықтары нығая түсті.Сабақтың мақсаты:
оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру, информатика пәніне қызығушылығын ояту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, жылдам шешім қабылдауға, топпен жұмыс жасауға және өз ойын еркін жеткізуге баулу.
Сабақ өте тартымды әрі мазмұнды өтіп, оқушылар белсенділік танытып, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсете білді.
Пән мұғалімі: Карсыбаева Г.