29
май
2026
ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ – НАУРЫЗ!
Жетісай ауданы білім бөліміне қарасты "№11 “Жеңіс” мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері «Наурызнама» онкүндігі жоспарына сәйкес, «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» атты мазмұнды әрі тағылымы терең іс-шара ұйымдастырды.
Сахна төрінде халқымыздың ғасырлар қойнауынан жеткен асыл мұралары жаңғырып, «Көрісу», «Тоқымқағар», «Бата беру», «Сүйінші» сынды салт-дәстүрлер ерекше ықыласпен көрініс тапты.
Наурыз – жаңару мен жаңғырудың, бірлік пен берекенің бастауы.
Бұл – өткен мен бүгінді жалғап, ұрпақ санасына ұлттық құндылықтарды сіңіретін ұлы мереке.
Ұлттық рухымыз асқақтап, дәстүріміз дәріптеле берсін!