27
декабрь
2021
ЕРЕКШЕ БАЛАЛАР ҮШІН ЕРЕКШЕ КӨҢІЛДІ КЕШ
Қайырымдылық - адамзат бойындағы ерекше бір қасиет болып саналады. Қайырымдылық - ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі.
Қазіргі таңда елімізде түрлі іс-шаралар мен акциялар, қайырымдылық қорлары арқылы қол ұшын созатын ізгі жандар көбейіп келеді. Бүгін N11"Жеңіс"мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Жүректен жүрекке" қайырымдылық акциясы өз жалғасын тапты. Асықата кентіне қарасты мектеп оқушылары арнайы шақырылып, оларға мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды. Жетісай ауданы "Nur Otan"партиясы мәслихатының депутаттары - мен, Убайдина Гулжан Тұрарбекқызы, Шукурбаева Ғазиза Әлібекқызы, Қожбанова Хадиша Нартайқызы, Ахмедова Феруза Аралқызы, Темирбаева Эльмира Тазабекқызы, Саржанова Гульмира Тұрсынханқызы бастаған бір топ халық қалаулылары "Жүректен жүрекке" қайырымдылық акциясы аясында балаларға жаңа жылдық сыйлықтар табыстадық. Ерекше балаларға қуаныш пен мейірімділік көрсетуді мақсат еткен бұл акция әлі де өңірлер бойынша жалғасын табады.
Жақсылық жасау — имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі деп білемін.