16
июнь
2022
Мектеп түлектері
МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІНЕ АТТЕСТАТ БЕРУ САЛТАНАТЫ
Бүгін мектеп түлектері үшін тарихи күн. N11«Жеңіс» мектеп-гимназия» коммуникалдық мемлекеттік мекемесінде «Мектеп түлектеріне аттестат беру салтанаты» атты іс-шара өтті.
Жуырда ғана жария болған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақалада Елбасы табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жететіндігін айқындап айтып өткен болатын. Мемлекеттің болашағы – білімді ұрпақ. Бүгінгі жас болашақ Қазақстанның жанды бейнесі. Жас ұрпақты білім жолына салып, түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар оқу білімнің тізгінін ұстату мемлекет пен қоғамның міндеті саналады.
Еркеліктен есейіп ел үмітін ақтаған, айдары алтынмен апталған бүгінгі түлектеріміз, бүгінгі кештің жарқын жұлдыздары десек қателеспейміз. Жақсы біліммен, тағылымды тәрбиемен өскен ұл — қыздарымыз Отанымыздың қазынасы, елдің ертеңгі елеулі тірегі.
Көздеген мұрат-мақсаттарыңа қол жеткізіп, армандарың орындалсын. Келешектерің кемел, болашақтарың нұрлы болсын!