Түркістан облысының білм басқармасының
Жетісай ауданының білім бөлімінің
"11 "жеңіс" Мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (725)42-42-9-63
Оқу бөлімі:
+7(702) 654-38-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
март
2021

Елбасы медалі

"ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ" ЖОБАСЫНЫҢ 2 КЕЗЕҢІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

29.03.2021ж.күні аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында «El umiti» бастамасын іске асыру мақсатында елімізде талантты жастарды қолдауға бағытталған “Елбасы медалі” бағдарламасы аясында жүлделі қола медаль иегерлерін қабылдады.
«Елбасы медалі» - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Елбасы медалінің иегерлері білім гранттарын тағайындау кезінде заңнамада белгіленген тәртіппен артықшылыққа ие болады.
Мектеп оқушылары тұңғыш рет өтілген жобада үздік нәтижеге жетті, алдағы уақытта биік белес - Алтын медаль иегері атануға бекініп отыр.
Жеңімпаздар:
1. Жұмаханбет Аружан Сәбитқызы 11а сынып оқушысы. Жетекшісі - Х.Журхабаева.
2. Шаймырза Аяулым Талғатқызы 10в сынып оқушысы. Жетекшісі- М.Мырзагелдиева.
Осы жүлдегерлерді арнайы марапаттауға келген Дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығының директоры Асқарова Эльмира Дулановна
«Алғыс хат» және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Сондай-ақ, аудан әкімінің м.у.а. Е.Жангазиев Республика көлемінде өткізілген ауқымды жобаға белсене атсалысып, аудан даңқын шығарған оқушыларды жеке құттықтап, ауданның бiлiм беру жүйесiн дамытуға және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге өлшеусiз үлес қосып жүрген ұстаздар қауымына ерекше алғысын білдірді.

Мектеп әкімшілігі

Поздравляем победителей второго проекта "Медаль Елбасы"

29.03.2021г в большом конференц-зале районного акимата с целью реализации инициативы "El umiti" ,направленной на поддержку талантливой молодежи в стране, состоялся прием обладателей бронзовых медалей.
"Медаль Елбасы"- единственная программа на национальном уровне, направленная на комплексное развитие молодежи. Обладатели медали Елбасы имеют преимущество при присуждении образовательных грантов в установленном законодательством порядке.
Учащиеся школы добились отличного результата в проекте, который прошел впервые, они дали обязательство достигнуть высокого уровня -намерены стать обладателями Золотой медали.
Победители:
1. Жумаханбет Аружан Сабиткызы ученица 11 "А" класса. Руководитель - Журхабаева Х.
2. Шаймырза Аяулым Талгаткызы ученица 10 "В" класса. Руководитель - Мырзагельдиева М.
Этих призёров наградила директор Центра выявления и поддержки одарённых детей Аскарова Эльмира Дулатовна "Благодарственным письмом" и ценными подарками. А также , в.и.о. акима района Жангазиев Е. лично поздравил школьников, принявших участие в проекте Республиканского масштаба и прославивших район, выразил особую благодарность учителям, внесшим особый вклад в развитие системы образования района и воспитания подрастающего поколения.

Администрация школы

Елбасы медалі

Похожие публикации:

07 апрель 2021 Ғасыр жәдігері
16 март 2021 Ел үміті
02 ноябрь 2020 Ecostan
15 март 2019 Ыстық тамақ
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив