22
декабрь
2022
Олимпиада жүлдегері
5-6 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
5-6 сынып оқушыларының республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі 2022 жылдың 19 желтоқсаны күні Кентау қаласы Т.Рысқұлов атындағы №24 жалпы орта мектебінде өтті.
Олимпиадаға 17 аудандық, қалалық білім бөлімдерінен 267 оқушы қатысты. Бұл олимпиаданың негізгі мақсаты: оқушылардың зияткерлік потенциалын, ғылым-білімге қызығушылығын дамыту, дарынды балалармен жұмысты іске асыру шеңберінде ерте бейіндеу, жоғары сыныптар арасындағы республикалық пәндік олимпиадаларға қатысу үшін білім алушыларды ерте бастан анықтау және дайындау болып табылады.
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №11 «Жеңіс» мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушысы Жолдасбай Аружан 5-6 сынып оқушыларының республикалық олимпиадасының облыстық кезеңіне ағылшын тілінен қатысып, жүлделі 3 орынды иеленді.
Ағылшын тілін ерекше ынтасымен оқитын Аружанға алдағы уақытта да білімін тереңдете беруіне тілектестік білдіреміз! Аружанның жетекшісі ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Искакова Динара Алиакпаровнаға дарынды шәкірттерді дайындауда талмай іздене беріңіз дейміз!
Директордың бейіндік және инновация ісі бойынша орынбасары М.Мырзагелдиева