Түркістан облысының білм басқармасының
Жетісай ауданының білім бөлімінің
"11 "жеңіс" Мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (725)42-42-9-63
Оқу бөлімі:
+7(702) 654-38-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
13
май
2025

ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Қазақ елінің болашағы – білімді ұрпақтың қолында. Осы мақсатта өткен облыстық пән олимпиадасының жүлдегерлері өздерінің табандылығы мен жоғары білім деңгейін дәлелдеп, үлкен жетістіктерге жетті. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пән олимпиадасының облыстық кезеңі 2025 жылы 5-8 қаңтар күндері Түркістан қаласында өтті.
«№11 «Жеңіс» мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 9 сынып оқушысы Луковенко Мария Олеговна қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қатысып, жүлделі 3-орынды және Сапар Жаңыл Ерғалиқызы орыс тілі мен әдебиеті пәнінен Алғыс хатты иеленді.
Бүгін Жетісай ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен Жетісай аудандық Мәдениет үйінде оқушылар, олардың ата-аналары және жетекшілері де марапатталды. Марапаттау рәсіміне Жетісай ауданының әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков, бөлім басшысының міндетін уақытша атқарушы Ш.Адайбеков, әдістемелік кабинет меңгерушісі Р.Исаева және аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы М.Спарханов қатысып, олимпиада жүлдегерлерін жетістігімен құттықтап, марапаттады. Жеңімпаз оқушылардың ата-аналарына Алғыс хаттар, оқушыларға бағалы сыйлық – смартфондар, жетекшілеріне – Ыстықкөлге жолдама сертификаттары табысталды.
Бұл жеңіс – тек қатысушылардың ғана емес, олардың ұстаздары мен ата-аналарының да ерен еңбегінің нәтижесі екені сөзсіз. Жеңімпаз оқушыларға отбасында қолдау білдерген Сопбеков Ерғали, Луковенко Олег мырзаларға, даярлаған жетекшілері Г.Абдрахманова, М.Мырзагелдиеваға алғыс білдіреміз!

ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив