Мұрагер олимпиадасы
2020 жылдың 06 ақпан күні №11 "Жеңіс" мектеп - гимназиясы базасында мыңдаған шәкірттерге тәлім-тәрбие беріп, білім нәрімен сусындатқан ұлағатты ұстаздардың еңбегі ұлықталды. Гимназияның алғашқы директоры болған, үздік математик Д.Серманизовтың, ҚазССР-нің білім беру ісінің үздігі, аудан ұстаздарының жанашыры болған, танымал тарихшы-ұстаз Г.Салимованың және «Үздік ұстаз» төсбелгісінің иегері, аудандағы ең үздік математик ұстаз Б.Джанабековалардың ерен еңбектерін еске алу мақсатында өңірлік