06
февраль
2026
«Демалыста кітап оқимыз» әдеби танымдық іс-шарасы
Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты «№11 «Жеңіс» мектеп-гимназия» КММ-де 7 «А» және 7 «Ә» сынып жетекшілері М.Медетова мен А.Аязханованың ұйымдастыруымен қазақ балалар әдебиетінің классигі, көрнекті қаламгер Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Менің атым Қожа» шығармашылығына талдау жасалды.
Іс-шараға мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Аманов пен мектеп кітапханашысы А.Телкозиева қатысып, оқушыларға жазушының өмірі мен еңбектері жөнінде тың ақпараттар ұсынып, рухани бағыт-бағдар берді.
Іс-шараның мақсаты:
- Жазушының бай рухани мұрасын жас ұрпақ санасына сіңіру;
- Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру;
- Шығармалар арқылы адалдық, әділеттілік, еңбекқорлық секілді адамгершілік құндылықтарды насихаттау;
- Қазақ әдебиетінің көркемдік ерекшелігін танытып, ұлттық сана мен отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Кеш барысында оқушылар «Менің атым Қожа» шығармасынан үзінділер оқып, мазмұнын талдап, автордың кейіпкерлер арқылы жеткізген идеясына терең үңілді. Әңгіме барысында Қожаның бойындағы балаға тән қылықтар мен өсу жолындағы өзгерістер сараланды.
Іс-шараны ұйымдастырғандар:
Сынып жетекшілер – М.Медетова, А.Аязханова
Кітапханашы – А.Телкозиева
Материалды дайындаған: ДОЖЖО А.Бекназарова