Түркістан облысының білм басқармасының
Жетісай ауданының білім бөлімінің
"11 "жеңіс" Мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (725)42-42-9-63
Оқу бөлімі:
+7(702) 654-38-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » БЕЙБІТ ӨМІР, ЕЛДЕГІ ТҰРАҚТЫЛЫҚ – ТӘУЕЛСІЗДІК ИГІЛІГІ!
08
сентябрь
2021

БЕЙБІТ ӨМІР, ЕЛДЕГІ ТҰРАҚТЫЛЫҚ – ТӘУЕЛСІЗДІК ИГІЛІГІ!

Жолдауға – қолдау!
БЕЙБІТ ӨМІР, ЕЛДЕГІ ТҰРАҚТЫЛЫҚ – ТӘУЕЛСІЗДІК ИГІЛІГІ!
2021 жылдың 1 қыркүйегі күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына өзінің дәстүрлі үшінші Жолдауын жолдады. «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» тақырыбындағы бұл Жолдауды халық қуанышпен қабылдады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы бүкіл әлемді алаңдатып отырған пандемиямен күрес жолдарын, оның елімізге алып келген зардабы мен өзгерістерін айта келіп, еліміздің әлеуметтік дамуына, ел тұрғындарының табысы мен жұмыс орындарының сақталуына, халқымыздың денсаулығы мен өмірін сақтау жолындағы жұмыстарға басты назар аудару керектігін ерекше атап өтті. Пандемияны толық жеңуіміз үшін кем дегенде 2 жыл мерзім уақыт керектігін, ал қазіргі таңдағы індет салдарынан туындаған экономикалық-әлеуметтік дағдарысты қалыпқа түсіруге 5 жыл уақыт кететінін де атады.
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы бір жылдық стратегиялық маңызы бар құжатта ел дамуы мен халқымыздың әл-ауқатын жақсарту жолында жүйелі жоспарлар болатынын айқындап берді. Жалпы алғанда жеті бөлімнен, бес бастамадан тұратын бұл саяси құжат қарапайым еңбек адамының, зейнеткерлердің, мемлекеттік қызметкерлер мен білім-ғылым саласындағы еңбек етіп жүрген ғалымдардың, мәдени қызметкерлердің, мұрағат қызметкерлерінің, құқық қорғау органдары мен денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің қала берді техникалық қызметкерледің де жұмысындағы орын алатын өзгерістер мен жаңалықтарды жүйелі бағыттап берді.
Білім беру бағытына арналған үшінші бөлімде педагог қызметкерлерінің статусының көтерілгенін, мұғалімдерді қайта даярлау курстарынан әр үш жыл сайын өткізу керектігін, пандемия кезінде қашықтан оқытудың нәтижесінде пайда болған кемшіліктерді түзеу іс-шараларын ұйымдастыру қажеттілігін, еліміздің білім жолындағы жетістігін халықаралық деңгейде дәлелдеген дарынды оқушыларға қолдау көрсету керектігін, балаларды ерте жастан мамандыққа бейімдеу бағдарын күшейтуді, ауыл мектептері мен қала мектептерінің арасындағы алшақтықты жою маңыздылығын, сондай-ақ, мектептердегі орын тапшылығын мектеп салу арқылы шешу керектігін атап өтіп, жүйелі де жоспарлы жұмыстарды орындауға Үкіметке тапсырмалар берді.
2021-2022 оқу жылын дәстүрлі жүйе бойынша бастауға кедергілер болмауын тапсырған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы білім беру мекемелеріне барша жағдай жасауды міндеттеді. Ең алдымен, әрбір оқушы мен ұстаздың денсаулығы мен өмірін сақтау жолын ескеру керектігін атады. Қашықтықтан білім беру жүйесінде де барынша дамытылған онлайн білім беру платформаның дайындалу керек екенін тілге тиек етті.
«Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдаудағы болашақ еліміз үшін қабылданған міндеттер мен жүктелген тапсырмаларды мүлтіксіз орындау үшін бүкіл қоғам бірлікпен ынтымақтаса атқару міндеті тұр. Ел игілігін еселеуде еңбегіміз арта берсін! Мерейлі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын атап өту қарсаңында еліміздің жетістіктерін өркендетуде қалыс қалмайық!
Жетісай ауданының мәслихатының депутаты,
№11 «Жеңіс» МГ директоры
Убайдина Гүлжан Тұрарбекқызы

БЕЙБІТ ӨМІР, ЕЛДЕГІ ТҰРАҚТЫЛЫҚ – ТӘУЕЛСІЗДІК ИГІЛІГІ!

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив