Түркістан облысының білм басқармасының
Жетісай ауданының білім бөлімінің
"11 "жеңіс" Мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (725)42-42-9-63
Оқу бөлімі:
+7(702) 654-38-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » БІЛІМ БЕРУДЕГІ КӨШБАСШЫ БАҒДАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАСҚАРУ ИНТЕНСИВІ
13
май
2025

БІЛІМ БЕРУДЕГІ КӨШБАСШЫ БАҒДАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАСҚАРУ ИНТЕНСИВІ

ЕҢ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН ЖЕТІСАЙЛЫҚ – ИСАХАН ЕРБОЛ БАХТИЯРҰЛЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру жүйесіндегі менеджментті жаңғырту негізінде адам капиталының сапасын арттыру жөніндегі стратегиялық міндетті айқындап, қысқа мерзімде Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдары басшыларының кадрлар резервін дайындауды тапсырған болатын. 2023 жылы бастау алып жалғасын тапқан бұл жобада көшбасшыларды іріктеу және оқыту бес кезеңде жүргізілді.
«Сапалы білімнің негізі ұстаздардың әлеуетін үздіксіз арттыруда жатыр» деп, ҚР оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтқандай бұл жобаға биыл мұғалімдер қауымы да қатысты. Осындай қолдаудың нәтижесінде қатысушылар саны 2,5 есеге артты. Іріктеудің барлық бес кезеңінің қорытындысы бойынша 376 үміткер Республикалық кадр резервіне алынды. Оларға конкурссыз қызметке тағайындау туралы сертификаттар табыс етілді.
Білім берудегі көшбасшы бағдары республикалық басқару интенсивінде ҚР оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың қолынан осындай сертификатты иеленген «№11 «Жеңіс» мектеп-гимназиясының директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Исахан Ербол Бақтиярұлына жаңа буынның менеджері бола беруіне тілектестік білдіремін.
Бірінші басшылардың республикалық кадрлар резервіне алынған әріптесімізге тағылымдама барысында жинаған мол тәжірибесі мен жаңашыл көзқарасы ауданымыздың даму жолында маңызды рөл атқаратынына сенім білдіреміз!
БІЛІМ БЕРУДЕГІ КӨШБАСШЫ БАҒДАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАСҚАРУ ИНТЕНСИВІ

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив