15
ноябрь
2021
МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ ҮШІН ТЫНЫМСЫЗ ІЗДЕНІС ҚАЖЕТ
Ахмет Байтұрсыновтың «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім» деген сөзінде қаншама ой, қаншама түйін жатыр. Расымен де, өмірдегі сан түрлі мамандықтардың ішінде білімділікті, кәсібилікті, тәрбиелілік пен шеберлікті аса қажет ететін мамандықтың бірден-бірі —мұғалім мамандығы. Бүгін, N11"Жеңіс"мектеп- гимназия"коммуналдық мемлекеттік мекемесінде
Білім беру ақпараттық жаңашыл технологиялардың ғылыми-зерттеу орталығы және "Білім беру технологиялары" кафедрасының аға оқытушысы Нұржан Сапарханұлының ұйымдастыруымен өткізілген курсы бойынша тыңдаушыларға «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында орта мектептердегі заманауи педагогикалық технологиялар мен әдіс-тәсілдер» тақырыбындағы 72 сағаттық біліктілікті арттыру курсының сертификаттары мектеп акт залында салтанатты түрде берілді. Салтанатты жиынды мектеп директоры Убайдина Гүлжан Тұрарбекқызы білікті маман Нұржан Сапарханұлына алғыс айтып және тыңдаушыларға шығармашылық табыс тілеп қорытындылады.