14
май
2022
ҰСТАЗДАР САБАҚТЫ ТИІМДІ ЖОСПАРЛАУ ӘДІСТЕРІ ТУРАЛЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Бүгін Түркістан облысы, Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты "№11 "Жеңіс" мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Тиімді жоспарлау - оқыту сапасын арттырудың құралы" тақырыбындағы облыстық семинар өтілді.
«Жаңа Қазақстанның жаңа ұрпақтары» тақырыбындағы шығармашылық көрме, «Әдістемелік вернисаж» атты мұғалімдердің әдістемелік әзірлемелерінің көрмесі, «Жаңа жобалар – жаңа мүмкіндіктер» атты оқушылардың ғылыми жобалар көрмесі қойылды.
Семинарға облыс көлемінен 17 мұғалім, аудан көлемінен 53 мұғалім қатысты.
Мектептің тәжірибелі ұстаздары семинардың практикалық бөлімінде сабақ жоспарын тиімді жоспарлау, оқу мақсаттарына жету қадамдары, сындарлы кері байланыс беру әдіс-тәсілдерімен тәжірибе алмасты.
" Тиімді жоспарлау – оқыту сапасын арттырудың құралы" тақырыбында ПШО., Шымкент қ.ф. менеджері, п.ғ.к. Матаева Сауле Романовна мектептің мәжіліс залында оқыту тренингін өткізді, сондай-ақ, Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Исаева Разия Орынбасарқызы "Мектепте әдістемелік жұмысты іске асырудың тәжірибелік негіздерін дамыту" тақырыбы аясында әдістемелік көмек көрсетті.
Төле би ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері М.Жеткерова, Сарыағаш ауданы №75 Ж.Жабаев жалпы орта мектебінің ұстазы Р.Ерназаровтар сабақ жоспарлары тиімді жоспарланып, жоғары деңгейде өткеніне тоқталып, шарада кәсіби шеберлігімен ерекшеленген мұғалімдердің сабақтарын облыс көлемінде озат тәжірибе ретінде таратылуын ұсынды.
Жетісай ауданы мәслихатының депутаты, №11 «Жеңіс» мектеп-гимназия» КММ директоры Убайдина Гулжан Тұрарбекқызы мектепті дамытудың перспективалық жоспарын мақсатты құру жолдары туралы айтып, семинар қорытындысында келген қонақтарға алғысын білдірді.