21
ноябрь
2022
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №11 "Жеңіс" мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Садыкова Айман бастауыш сынып педагогтерінің кәсіби өсу мен өзін- өзі шығармашылық жағынан жетілдіруін ынталандыру мақсатында өткізілген аудандық "Педагогикалық идеялар фестивалі" байқауына қатысып жүлделі 1 орынды иеленді. Тартысты байқауда өзінің педагогикалық шеберлігімен ерекшеленіп, кәсіби деңгейі жоғары, білімді игертудегі өзіндік әдістемесін қалыптастырған және жаңалықты оқушы санасына қалыптастыра білген, үнемі ізденіспен еңбек ететін білікті ұстаз екенін дәлелдеді. Өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстары және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріне толымды табыс тілеп, қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолына тек өрлеу мен шығармашылық табыс тілейміз.

[/center]
[center]

[/center][center]