12
февраль
2026
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ "ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ФЕСТИВАЛІ" БАЙҚАУЫНА ЖОЛДАМА
Бүгін Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты «№11 «Жеңіс» мектеп-гимназиясының директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Аманов Ғалымжан Бақжанұлы Сауран ауданындағы Молда Мұса атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында өткен директодың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының «Педагогикалық идеялар фестивалі» байқауының облыстық кезеңіне қатысты. Байқау барысында әріптесіміз өз әдістемелік тәжірибесін жаңашыл идеяларымен таныстырып, қазылар алқасының жоғары бағалауымен жүлделі І орынды 🥇иеленіп, байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды.
🏆Бұл жетістік – Ғалымжан Бақжанұлының жылдар бойы балаларға тәрбие беру жолындағы үздіксіз ізденісінің нәтижесі екені сөзсіз. Жақында ғана мектептің тәрбие саласына өз үлесі мен кәсіби шеберлігін іс жүзінде көрсетуге тағайындалған бұл орынбасар басқарудағы жаңашыл көзқарасын айқын көрсетіп отыр.
🎊Мектеп ұжымы Ғалымжан Бақжанұлын шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта өтетін республикалық додада шығармашылық шабыт, жаңа кәсіби белестер, табысты бастамалар мен толағай жетістіктер тілейді