13
декабрь
2021
"ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ҰРПАҚТАРЫ" ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
N11«Жеңіс» мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Тәуелсіздікке тарту болған 30 тағылымды іс-шара" атты айлық жоспарына сәйкес «Тәуелсіз елдің ұрпақтары» атты жас ақындар мүшәйрасы өтті.Тәуелсіздікке арналған шығармаларын тарту еткен оқушылармен бірге мектебіміздің психолог- маманы Нуридинова Рауабану Абытқызы "Тәуелсіздікке тағзым" атты өз шығармашылығынан арнау өлеңін оқыды. Белсенділік танытқан ұстаздар мен оқушылар алғыс хатпен марапатталды.










