10
август
2022
Абай күні
БҮГІН ҚАЗАҚ РУХАНИЯТЫ ҮШІН АЙТУЛЫ КҮН —АБАЙ КҮНІ
Абай күні — Қазақстан Республикасының мерекелік күнтізбесіне енген күн. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 10 тамыз Абай күні болып белгіленді. Бұл мереке 2020 жылы аталып өтілетін Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының қарсаңында бекітілді. Ұлы ақынның өлең, қара сөздерін насихаттау мақсатында,Түркістан облысы Жетісай ауданы адами әлеуетті дамыту білім бөліміне қарасты N11«Жеңіс» мектеп-гимназия»коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері мен мектеп кітапханашысы А.Телғозиеваның ұйымдастыруымен «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы,ерінбе!» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік іс-шарада оқушылар ақынның өлеңдерін, қара сөздерін, әндерін орындады.Іс-шара барысында Хәкім Абайдың ескерткіш алаңында Абайдың дара жолын ұстанған ұстаздарымыз бен оқушыларымыз ақын өлеңдерін оқып, көпшіліктің қошеметіне бөленді.
«Атаңның баласы болма, адамның баласы бол!» деген өсиетін көкіректе нық сақтайық! Осындай тылсым күштің иесі бола білген, «Жүректен кіріп, бойды алған» күш иесі Абай атамыз жасасын!

https://www.facebook.com/100012468600385/videos/5648342491854668/
https://www.facebook.com/100012468600385/videos/2562953050502672/
https://www.facebook.com/100012468600385/videos/601143998053558/
https://www.facebook.com/100012468600385/videos/755015135791894/