29
май
2026
«ҮЗДІК АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Түркістан облысы білім басқармасының Білім беруді дамыту орталығы ұйымдастырған «Үздік авторлық бағдарлама» облыстық байқауында жоғары нәтиже көрсетіп, III дәрежелі Дипломмен марапатталған тарих пәнінің мұғалімі Темирова Акмарал Аликовнаны шын жүректен құттықтаймыз!
Аталған байқау педагогтердің үздік авторлық тәжірибесін анықтау, шығармашылық және зерттеушілік әлеуетін дамыту мақсатында өткізілді. Осындай беделді білім додасында жүлделі орын иелену – кәсіби шеберліктің, жаңашылдықтың және тынымсыз еңбектің айқын дәлелі.
Акмарал Аликовнаның авторлық ізденісі мен педагогикалық жаңашылдығы білім сапасын арттыруға қосылған зор үлес екені сөзсіз. Бұл жетістік – тек жеке табыс қана емес, сонымен қатар білім ордасының абыройын асқақтататын маңызды жеңіс.
Жеңімпаз әріптеске шығармашылық табыс, жаңа жобалар мен биік белестер тілейміз!
Жетістіктері жалғасын тауып, шәкірттермен бірге талай асуларды бағындыра беріңіз!