Түркістан облысының білм басқармасының
Жетісай ауданының білім бөлімінің
"11 "жеңіс" Мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (725)42-42-9-63
Оқу бөлімі:
+7(702) 654-38-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
февраль
2026

ЖЕКЕ ҮЛГІ – КӘСІБИ ТАБЫСТЫҢ НЕГІЗІ

ЖЕКЕ ҮЛГІ – КӘСІБИ ТАБЫСТЫҢ НЕГІЗІ
Білім беру саласында басшының кәсіби белсенділігі мен жеке үлгісі – ұжымға бағыт-бағдар беретін маңызды факторлардың бірі. Осы тұрғыда мектеп директоры, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Койтанова Гулия Абдикадыровна Түркістан облысы Білім басқармасының Білім беруді дамыту орталығы ұйымдастырған облыстық «Педагогикалық идеялар» фестиваль-байқауына қатысып, ІІ дәрежелі дипломға ие болды.
Бұл жетістік – басшының тек ұйымдастырушы ғана емес, өз ісінің шебері, жаңашыл педагог екендігін нақты дәлелдейді. Байқауда ұсынылған жұмыс заманауи педагогикалық идеяларды сабақ үдерісіне тиімді енгізу, оқушының тілдік және коммуникативтік құзыреттілігін арттыру бағытында жоғары бағаланды.
Мектеп директорының байқауға белсене қатысуы педагогтер үшін кәсіби дамудың, үздіксіз ізденістің және жаңашылдыққа ұмтылудың жарқын үлгісі болды. Бұл – ұжымда шығармашылық белсенділікті арттырып, мұғалімдерді жаңа жетістіктерге жетелеудің тиімді жолы.
Осындай биік кәсіби деңгей мен жауапкершілік мектептің білім беру сапасын арттыруға зор ықпал етеді. Жеке үлгісімен жол көрсеткен басшы-ұстазды лайықты жеңісімен құттықтай отырып, алдағы шығармашылық ізденістеріне табыс, тың идеялар мен жаңа белестер тілейміз.
Дайындаған ДОЖЖО М.Мырзагелдиева
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив