29
май
2026
ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢДЕГІ ЖАРҚЫН ЖЕҢІС!
Түркістан облысы білім басқармасының «Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы» КММ ұйымдастырған «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынының облыстық кезеңінде жүлделі нәтиже көрсеткен №11 «Жеңіс» мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Сейдазим Әзімбекті шын жүректен құттықтаймыз!
Ол байқауда білімділігі мен зеректігін жоғары деңгейде танытып, нәтижесінде III дәрежелі дипломмен марапатталды. Бұл жетістік – жүйелі дайындық пен табанды еңбектің, ұстаз бен шәкірт арасындағы нәтижелі жұмыстың айқын көрінісі. Зияткерлік додада топ жарып, облыс деңгейінде жүлделі орын иелену – үлкен мәртебе әрі зор мақтаныш.
Жетекшісі Абишбекова Эльмира Пернебекқызына алғыс білдіре отырып, жас көшбасшыға алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жеңістерге жете беруіне тілектеспіз! Сонымен қатар, дарынды да белсенді, мектеп мақтанышына айналған шәкірттің жетістігіне әрдайым қолдау көрсетіп, сенім білдіріп отырған ата-анасына да шынайы ризашылығымызды білдіреміз!