29
май
2026
«АЛТЫН ШАҢЫРАҚ» - ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕП ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ.
«№11 «Жеңіс» мектеп – гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ардагерлер кеңесінің жетекшісі - З.Исакова, кітапхана меңгерушісі- А.Телкозиева,педагог - кәсіптік бағдар беруші М.Атамбекова, әлеуметтік педагог- А.Уразбаева, арнайы педагог - А.Пернеева және 9 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Алтын шаңырақ» тақырыбында үлгілі оқушылардың ата-аналарымен мазмұнды әрі тәрбиелік іс-шара өтті. Мақсаты – оқушылардың жетістіктерін дәріптеу, ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты нығайту және тәрбиемен білім берудегі бірлескен жұмыстың маңызын арттыру.
Іс –шара барысында ән мен күй шырқалып, мың бұралған билермен сахналық қойылымдар көрсетіліп, көрермендерге көтереңкі көңіл - күй сыйлады. Іс – шара соңында мектеп директоры Г.А.Койтанова және ДТЖЖО - К.А.Баймурзина үлгілі оқушылардың ата –аналарына арнап дайындалған Алғыс хаттармен марапаттап, сый құрмет көрсетті. Шаңырағы шаттыққа толы әрбір отбасының бақыты баянды болсын! Балаларымыз білімді, саналы елін сүйетін адал азамат болып өссін!