12
февраль
2026
МЕКТЕП ПЕН БАЛАБАҚША ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ - ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ КЕПІЛІ
"№11 «Жеңіс» мектеп-гимназиясының директоры Қойтанова Гулия Абдикадыровна және «Көркем-ай» бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Надирова Өркен Рахмановна арасында түзілген ынтымақтастық туралы меморандум негізінде бүгін тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды.
Балабақшада ересек топ бүлдіршіндерімен «Тазалық – денсаулық кепілі» тақырыбында оқу іс-әрекеті өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жас бүлдіршіндерге жеке гигиенаның маңызын түсіндіру, тазалыққа, ұқыптылыққа және салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу болды.
Іс-шараға мектеп әкімшілігі, бастауыш сынып мұғалімдері және балабақша тәрбиешілері қатысып, балалардың өзара байланысын нығайту мен сабақтастықты арттыру бағытында тәжірибе алмасты. Балалар тазалық ережелерін тақпақтар, әндер және көріністер арқылы жеткізіп, өз ойларын еркін білдірді. Сонымен қатар, іс-шара барысында балаларға қол жуу ережелері, тазалық құралдарын дұрыс пайдалану және қоршаған ортаны таза ұстау жөнінде қызықты тапсырмалар мен ойындар ұйымдастырылды.
Шара соңында мектеп пен балабақша ұжымы өзара пікір алмасып, келешекте де бірлескен іс-шараларды жалғастыру туралы ұсыныстар білдірді.
Мектеп пен балабақша арасындағы байланыс – үздіксіз білім беру жүйесінің маңызды бөлігі. Ал «Тазалық – денсаулық кепілі» тақырыбындағы іс-шара балалардың бойында жауапкершілік, ұқыптылық және салауатты өмір салтына деген оң көзқарасты қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік мәні жоғары шара болды.