29
май
2026
«АДАЛ АТА АНА —ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» ТАҚЫРЫБЫНДА АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ
«№11 «Жеңіс» мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2026 жылдың 13 мамыры күні «Адал ата-ана – қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналысқа мектеп әкімшілігі, педагог жұмыскерлер, педагог- психологтар, сынып жетекшілер, медицина қызметкерлері және ата-аналар қатысып, бала қауіпсіздігі мен тәрбиесіне байланысты мәселелер талқыланды.
Жиналыс барысында 2025–2026 оқу жылының аяқталуына байланысты өзекті мәселелер қарастырылып, оқушылардың қауіпсіздігі, денсаулығы мен психологиялық жағдайына қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Күн тәртібінде:
1. 2025–2026 оқу жылының аяқталуына байланысты маңызды мәселелер туралы.
1.1.«Білімім —Отаныма! тақырыбында сынып сағаты өткізу туралы
1.2. Жазғы демалыс кезінде жалпы қауіпсіздік ережелерін, интернет қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы
1.3. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 127-бабы және 442-бабына сәйкес, баланың тәрбиесі, білім алуы, қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруіне тыйым салыну туралы
2. 2025-2026 оқу жылының аяқталуына орай мектеп бітіру іс-шараларын өткізу, қорытынды емтихандар мен аттестат тапсыру тәртібі туралы
3. Оқушылардың денсаулығы және жеке бас гигиенасы туралы
4. Түлектердің емтихан алдындағы стрессін басқару және ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету әдістері туралы
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Г.А. Койтанова оқу жылының аяқталуына байланысты мектеп бітіру іс-шараларын ұйымдастыру тәртібімен таныстырды. Іс-шараларды өткізу барысында қауіпсіздік талаптарын сақтау, артық шығындарға жол бермеу және қолданыстағы заң талаптарын қатаң сақтау қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, оқу жылын аяқтау іс-шараларын өткізу туралы Жетісай ауданы білім бөлімі Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі бекіткен 2025-2026 оқу жылының қорытынды іс-шараларын өткізудің мазмұны мен тәртібін айқындайтын тұжырымдамасымен таныстырды.
Оқу жылының аяқталуына орай «Білімім – Отаныма!» тақырыбында сынып сағаты өтеледі.
Сынып сағатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарына басымдық беру маңызды. Адами капитал, білім, ғылым және инновацияны дамыту Халықтық Конституцияда айқындалған басты стратегиялық бағыттар ретінде дәріптелуі тиіс. 11-сынып оқушыларына арналған оқу жылының аяқталуы және мектеп бітіру аттестаттарын табыстау салтанатты іс-шараларының ұсынылған тұжырымдамаға сәйкес жүзеге асырылуын қамтамасыз ету қажеттігін, аталған мәселе білім басқармалары басшыларының тарапынан қатаң бақылауға алынатынын айтып,
ата-аналардан ақша жинауға тыйым салынатыны ескертті.
Жазғы демалыс кезінде әр бала қауіпсіздік ережелерін білуі және сақтауы қажет.Жол қауіпсіздік ережелерін сақтауды,
жолдан тек арнайы өткел арқылы өту.
Су айдындарында үлкендердің бақылауымен ғана шомылу, күн ыстықта бас киім кию,
бейтаныс адамдармен сөйлеспеу. Өрт қауіпсіздігін сақтау және электр құралдарына жақындамау,
ата-ананың рұқсатынсыз алысқа бармау керек екендігін айтты. Қазіргі таңда интернет —білім мен ақпараттың қайнар көзі. Бірақ желідегі ережелерін сақтау маңызды екенін ескертті.
Қауіпсіздік ережесін сақтау — денсаулық пен өмірді қорғаудың басты жолы екендігіне нақты тоқталды.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне сәйкес, кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігі мен тәрбиесіне ата-аналар тікелей жауапты екенін еске салды.
ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабына сәйкес, баланың тәрбиесі, білім алуы, қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау міндеттерін орындамау — әкімшілік жауапкершілікке әкеледі.
Қайталанған жағдайда айыппұл көлемі артып, әкімшілік қамауға дейінгі жаза қолданылуы мүмкін.
Кәмелетке толмағандардың алкоголь, темекі, есірткі және психотроптық заттарды қолдануына жол беру — заң алдында жауапкершілікке соқтырады.
Статистика бойынша, түнгі уақытта жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық жиі орын алады. Сондықтан балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөліп, сағат 23:00-ден кейін олардың бақылаусыз жүрмеуін қадағалауды,
сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабына сәйкес, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруіне тыйым салынатынын ескертті.
Екінші мәселе бойынша директордың бейіндік оқыту, ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Ж. Бижигитова қорытынды емтихандардың өткізілу кестесі, тәртібі және талаптары жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар аттестат тапсыру рәсімін ұйымдастыру жолдарына тоқталып, барлық іс-шаралардың белгіленген талаптарға сәйкес өткізілу керектігін айтты.
Келесі мәселе бойынша мектеп медбикесі З. Алханова білім алушылардың денсаулығын сақтау, емтихан кезеңінде дұрыс тамақтану, күн тәртібін сақтау және медициналық қауіпсіздік шаралары жөнінде ақпарат берді.
Сонымен қатар оқушылардың денсаулық жағдайын бақылау және қажет болған жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету тәртібін түсіндірді.
Күн тәртібіне сәйкес педагог- психологі З. Дәуірхан түлектердің емтихан алдындағы психоэмоционалдық жағдайын тұрақтандыру, стресс деңгейін төмендету, уақытты тиімді жоспарлау және өзін-өзі қолдау әдістері туралы баяндады.
Ата-аналарға балаларға психологиялық қолдау көрсету, артық қысым жасамау және сенімді қарым-қатынас орнату жөнінде кеңестер берді.
Жиналыс барысында белсенді ата-аналар С. Серикбаева Насиба, Құдабергенова Диляфруз, Құдайбергенова Маржан, Бектұрғанова Гүлсім кезекті жарыссөзге шығып, өз ойларымен бөлісті. Білім алушыларға аралық және мемлекеттік емтихандарының сәтті өтуін, бітіруші түлектерге сәттілік тіледі.
Сонымен қатар мектептің ата-аналар комитетінің төрағасы Т. Кенжебеков сөз сөйлеп, оқу жылының қорытынды кезеңіндегі атқарылған жұмыстарға тоқталды. Ол мектеп әкімшілігі мен педагогтерге атқарған еңбектері үшін алғыс білдіріп, ата-аналар тарапынан қолдау жалғасатынын атап өтті. Түлектердің емтиханға дайындық барысы мен тәртіп мәселелеріне қатысты өз пікірін білдірді.
Мектеп пен ата-ана арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, жасөспірімдердің сапалы білім алып, тәрбиелі азамат болып қалыптасуына бірлесе жауапкершілікпен қарау қажеттігі атап өтілді. Осындай кездесулер арқылы отбасы мен мектеп байланысы артып, оқушылардың қауіпсіз әрі табысты болашағын қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар өз жалғасын табатыны сөзсіз.