Түркістан облысының білм басқармасының
Жетісай ауданының білім бөлімінің
"11 "жеңіс" Мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (725)42-42-9-63
Оқу бөлімі:
+7(702) 654-38-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ДАРЫНДЫ ОҚУШЫНЫ ҚОЛДАУ - БОЛАШАҚ ЖАСТАРДЫ ШЫҢДАУ!
30
октябрь
2021

ДАРЫНДЫ ОҚУШЫНЫ ҚОЛДАУ - БОЛАШАҚ ЖАСТАРДЫ ШЫҢДАУ!

ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ғасыр талабына сай зерделі, ой-өрісі жоғары оқушы қалыптастыру "N 11 "Жеңіс" мектеп-гимназиясының" басты стратегиясы. Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген дарындылықтың одан ары дамуына бағыт-бағдар беру ерекше де, күрделі іс. Сол қиындыққа қарамай, ұстаз ретінде өзінің іскерлігі мен шеберлігін көрсете білген тарих пәнінің мұғалімі Исаева Разия Орынбасарқызы және дене шынықтыру пәні мұғалімі Есімханов Ержан Болатбекұлы көпке үлгі бола білді. "Ясауитану-2021" Республикалық байқауының "Бас жүлде" жеңімпазы атанған 9 сынып оқушысы Бердібай Ерболат Серікұлы мен ҚР чемпионатының үстел теннисі бойынша Абсолюттік чемпионы атағын алған 7 сынып оқушысы Нәзір Рамазан Ерланұлымен сондай-ақ, олардың ата-аналарымен мектептің АКТ залында салтанатты кездесу өткізілді. Іс-шара барысында дарынды оқушылар санының артуына мотивация болатын "Бірге жиналу - бастама, бірге жұмыс жасау - жетістік" атты психологиялық тренинг өткізілді. Сондай-ақ көрермендер өздерін ойландырған сұрақтарына "Еркін микрофон" әдісі арқылы қонақтардан жауап алу мүмкіндігіне ие болды. Ізденімпаздылығымен көзге түсіп, жетістікке жеткен дарынды оқушыларға мектеп директоры, Жетісай аудандық мәслихатының депутаты Гулжан Тұрарбекқызының дәстүрлі түрде тағайындайтын ынталандыру шәкіртақысы табысталды. Жетістікке жетелей білген жетекшілеріне де көңіл бөлген мектеп басшысы жемісті еңбектің тек қана жүйелі дайындықтың нәтижесінде ғана келетінін ерекше атады. Осындай дарынды оқушыларға қолдау мен демеу бола білген ата-аналарына өз атынан Алғыс жариялады. Кеш соңы концерттік бағдарламаға ұласты.


ДАРЫНДЫ ОҚУШЫНЫ ҚОЛДАУ - БОЛАШАҚ ЖАСТАРДЫ ШЫҢДАУ!


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив